Биыл колледждерге 145 мың грант бөлінді
Биыл колледждерде білім алу үшін 145 мың грант бөлінді.
Бұл жылдағыдан 12 мың орынға көп. Дені машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді техникалық мамандықтарға бағытталған. Осылайша, сұранысқа ие салалар бойынша тегін біліммен қамту 90%-ға жетті, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Сондай-ақ кәсіпорындардың өтінімдері негізінде орта кәсіптік оқуға талапкерлерді қабылдау жалғасып жатыр. Ол бойынша биыл 10 мың студент қатарға алынбақ. «Бұл еңбек нарығының талабына сай кадр даярлауға мүмкіндік береді», – дейді мамандар.