Елде шетелдік 8 ЖОО филиалдары ашылады

Қазақстанда жаңа оқу жылында шетелдік 8 жоғары оқу орнының филиалдары ашылады, деп хабарлайды 24KZ.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сай бұл жұмыстар 3 модуль арқылы жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, мемлекет есебінен білім гранттарын бөлу, стратегиялық әріптестік және инвесторлар тарту. Химиялық технология, педагогика, халықаралық қатынас, медицина салалары бойынша Түркия, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдермен келісім жүргізілген. 2029 жылға қарай шетелдік университеттердің филиалдары ел экономикасы үшін қажетті 2 мыңнан астам білікті маман даярлайды деп болжанып отыр.