2025 жылы ғылыми қызметкерлердің жалақысы 17%-ға артады
Биыл 1 қаңтардан бастап ғылыми қызметкерлердің лауазымдық жалақысы 18%-ға ұлғайтылған болса, 2025 жылы тағы 17%-ға өседі, деп хабарлайды 24kz.
Бұдан басқа, тиісті заң аясында ғылыми атақтар болғаны үшін қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды. Мәселен ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы алады. Бұл шамамен 92 мың теңге. Ал ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған доцент үшін 42 айлық есептік көрсеткіш немесе 155 мың теңге төленеді. Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор және ғылым докторы дәрежесі бар профессор 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш немесе 184 мың 600 теңге қосымша алады.