Елімізде биыл 302 мектеп бой көтереді

Онда 500 мыңнан астам орын қарастырылған, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жобалар үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге ықпал етеді. Химия, биология, физика, зертхана және робототехникаға арналған 1400-ге жуық кабинет жабдықталады. Ауылдық жерлердегі мыңнан астам білім ордасы жөнделіп, жаңа кейіпке енгелі тұр. Алдағы оқу жылынан бастап 1,7 млн бала ыстық тамақпен тегін қамтылады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 100 мыңға көп. Салада цифрландыру жұмыстарына да ерекше мән берілген. Оқулықтарды барлығы сандық жүйеге көшірілді. Ал интернет сапасы 3 есе күшейе түсті.