Отандық IT саласының әлеуеті зор

Ал отандық айти саланың әлеуеті зор.

Сандарды сөйлетсек, былтыр еліміз құны 500 млн доллардан асатын IT қызметтерді сыртқа экспорттаған. Бұл - бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Десе де, тоқмейілсуге ерте. Себебі Президент жаңа міндет жүктеді. Ол 2026 жылға дейін экспорт көлемін 1 млрд долларға жеткізу. Уақытында межеге жете аламыз ба? Сарапшылар не дейді?

Қазақстандық IT мамандардың жұмысын аттай қалап алатындар бар.  Бұған дәлел: былтыр өзімізде өндірілген компьютерлік қызмет экспорты 529 млн  доллардан асқан. Бұл жылдағыдан 57 пайызға көп.  Ақыл-оймен табыс тауып жүрген жастың бірі - Арман Ерназаров. Ол кез келген компанияға жарамды ерекше бағдарлама ойлап тапты. Оның көмегімен жұмыс беруші қызметкерінің қайда, не істеп жүргенін бақылап, тіпті соған сай жалақы да төлей алады. Арманның бұл өнертабысын шетелдіктер де жоғары бағалады.

Арман Ерназаров, IT маманы:

- Алғашында кішкентай ғана студияда бастадық. Кейін Астана хаб алаңына келіп, өз жұмысымызды осында жалғастырдық. Біздің бағдарлама қарапайым әрі игеру де қиынға түспейді. Әсіресе бизнес өкілдері тарапынан қызығушылық жоғары болып тұр. Ең бірінші сатып алушымыз Қазақстаннан табылды.  Кейін Орталық Азия, Индонезия, Филиппин елдерінің нарығына шыға бастадық. 

Былтыр экспортталған IT қызметтердің 60 пайызы Астана хаб қатысушыларының еншісінде. Қазір мұнда 1500 компания тіркелген. Олар биылғы алты айда өз өнімдерін 80-нен астам елге экспорттап үлгерді. Одан 188 млн доллар шамасында пайда тапқан.

Жансая Қалыбекова, Astana Hub қатысушыларын реттеу кеңсесінің директоры:

- Медицина саласында қатысушылардың шешімдері шетелдерде сұраныста. Қаржы мекемелерінде сұраныс та бар. Әсіресе кредит алатын кездегі жүйелер. 5 жыл ішінде 1 трлн аса табыс болды біздің қатысушыларда. Осы жылы 15-ке жуық стартап жоба қаржы тапты. Олар жасанды интеллект блокчейн.

Яғни қазақстандық мамандар ұсынатын IT қызмет ауқымы кеңейіп келеді. Сұраныстың көп болуы сапаның да жоғары екенін аңғартады дейді сарапшылар. Еліміздің бұл саладағы әлеуетін Мемлекет басшысы да бағамдаған болатын. Сол себепті Үкіметке  жаңа міндет жүктеді. Ол 2026 жылға дейін өзімізде өндірілетін IT өнімдердің экспортын 1 млрд долларға жеткізу.

Мирас Зәкиев, ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары:

- Қазіргі таңда біз көбінесе америка құрама штаттарымен  акселераторлық ұйымдарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол мысалы, деп  юниверситит деген бағдарлама бар. Солармен біздің астана хаб келісімшарт жасап, бағдарлама бастады. Оның көмегімен отандық IT кәсіпкерлер АҚШ-қа барып, өзін дамытуға ммүкіндік алады. Мұндай хабтарды ашудағы мақсат -  отандық кәсіпкерлерге  шетелге өз өнімдерін шығаруға,  орнығуына, сатып алушыларын табуға ықпалдасу.  

Білектің күшіне емес, білім мен білікке сенген заманда озық ойлы жастардың қатарын толықтыру да өзекті мәселе. Сондықтан бұл бағытта да іргелі  істер қолға алынды. Мәселен, кейінгі 2 жылдың өзінде елімізде 32 IT мектеп ашылған. 

Назерке Тоқжан, Бағдат Қайыркен