«Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Елімізде 3 және 6-сынып оқушылары арасында өткен «Алтын сақа» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары анықталды.

Сайысқа 300 мыңға жуық оқушы қатысып, 375 оқушы ерекше қабілеттерімен көзге түскен. Олардың ішінде 150-ден астамы жеңімпаз атанды. "Балалардың халықаралық бәсекеге қабілетті болуы үшін шараның маңызы зор" дейді мамандар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, пәндік олимпиаданың өткізілуіне 20 миллион теңгеден астам қаражат қаралған. Айта кету керек, "Алтын сақа" олимпиадасы биыл 9-рет өткізіліп отыр.

Рысбек Мәуіт, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің негізін қалаушы:

- Олимпиаданың өзіндік ерекшеліктері көп. Соның ішінде бізде төменгі сыныптардан бастап, баланың логикасын, математикалық қабілетін дамыту біздің қазіргі маңызды мәселеміздің бірі деп ойлаймын. Себебі бізге ертең технократты ел болу үшін, математика кез келген салаға керек. Міне, республика қолдап осындай жағдайға жетіп отырмыз.