Түркістандағы халықаралық университетте 800 студент тегін білім алады
Түркістандағы Халықаралық туризм және мейман-достық университетінде енді 800 студент тегін білім алады.
Бүгін грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Жалпы бұл жоғары оқу орнына, еліміздің барлық өңірінен 925 талапкер құжат тапсырған. Туризм мамандығын 367 болашақ студент таңдапты. 400-ден астам талапкер, тынығу бағытын, ал 100-ден астамы мейрамхана ісі және бизнесі мамандығына өтінім берген. Ақылы бөлімге және колледжден кейінгі оқуға құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады. Айта кету керек, гранттар Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлініп отыр.