Ұлытауда 2700-ден астам оқушы «Жаппай оқыту» қорынан көмек алды

 

Әр оқушыға мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін 43 407 теңгеден берілді. Жезді кенті мен Талдыбұлақ ауылдарындағы көктемгі тасқын кезінде үйлерін су басқан отбасылардың балаларына да тиісті деңгейде қолдау жасалды. Ал облыстық Білім басқармасының бас маманы Салтанат Айжанованың айтуынша, «жаппай оқыту» қорынан берілетін қолдауға ілікпеген оқушыларға дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы арқылы көмек беріледі.

Салтанат Айжанова, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Қазіргі таңда республика тарапынан және өзіміздің жергілікті демеушілер тарапынан көмектер көрсетіліп жатыр. осы көмекке мұқтаж 2 мыңға жуық бала бар. Соның қазіргі таңда жергілікті демеушілерден 208 бала көмек алып отыр. Ал республика тарапынан 200-дей бала көмек алып отыр.