Жетісу облысында ҚХА мүшелері «Мектепке жол» акциясына қатысты

Жетісу облысындағы Теректі және Ақшатоған ауылдарының 20 оқушысына «Мектепке жол» акциясы аясында көмек берілді.

Игі шараға осы өңірдегі «Нахичеван» әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы мұрындық болды. Әр оқушыға рюкзак, мектеп формасы және кеңсе тауарларының толық жиынтығы тарту етілді. Жалпы Жетісу облысының Көксу ауданында 2,5 мыңға жуық әзербайжан ұлтының өкілі тұрады. Көп балалы отбасылар мен мұқтаж жандарға әрдайым қолдау білдіретін ұйым «Мектепке жол» акциясына да дәстүрлі түрде қатысады. Қоғамдық бірлестіктің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Гечумад Алмамедов «материалдық көмек өз алдына, балалар біріншіден қамқорлықты сезіну керек» дейді.

Гечумад Алмамедов, облыстық әзербайжан этно-мәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Көмек жасау керек. Аз болса да жасап отырып, балаларды қуандырып, кішкене сабақтары басталар алдында оларға күш-қуат беріп. Сенімділік беріп, жақсылап оқысын деп ойладық.