Қазақстан тарихының көптомдығы жөнінде жиын өтті

akorda.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтында «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жаңа академиялық басылымның редакциялық алқа жетекшілерімен және мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.

Жиында Мемлекеттік кеңесшіге ғылыми басылымның дайындалу барысы туралы баяндалды. Ерлан Қарин көптомдықтың мазмұнын республикалық және өлкетану музейлерінен алынған сапалы ғылыми көрнекі материалдармен, тарихи карталармен, архив құжаттарының фотокөшірмелерімен және басқа да құжаттармен толықтыру қажет екенін айтты. Жиын cоңында Мемлекеттік кеңесші барлық мектеп және университет бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу құралдарына арқау болатын Қазақстан тарихы академиялық басылымының маңызын ерекше атап өтті.