300 мұғалім мен тренер жасанды интеллектіні қолдануды үйреніп жатыр
Қазақстандық педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектіні қолдану және бағдарламалау дағдыларын меңгереді, деп хабарлайды 24KZ.
Пилоттық жобаның бастапқы кезеңінде 300 мұғалім мен тренер біліктілігін арттырып жатыр. Курстар 6 айға дейін жалғасады. Ал оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта оқи алады. Әр сабақта бейнедәріс, қосымша материалдар және тест тапсырмалары бар. Пилоттық жоба аясында 27 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланған. Бүгінде мектептердің 89% интернет сапасы жоғары. Соның ішінде 1731 мектепте Starlink жерсеріктік интернеті орнатылған.