Қызылордада «Мектепке жол» акциясы өтті
Қызылордада республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 30 оқушыға оқу құралдары мен сөмке табысталды.
Бұл шараға ұйытқы болған Қазақстан халқы ассамблеясы. Игі бастамаға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, еріктілер қолдау көрсеткен. Айтулы шара қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Алдағы уақытта облыс орталығынан бөлек барлық аудандарда, ауылдық елді мекендерде және Байқоңыр қаласында ұйымдастыру жоспарланған. Акция барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Бақытжан Камалов пен этномәдени бірлестік жетекшілері мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ізгі лебізін арнады.
Бақытжан Камалов, "Қоғамдық келісім" КММ директоры:
- Бұл біздің өңірімізде ғана емес, бұл дәстүрлі барлық республикалық деңгейде өтуде. Оның үстіне Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауыменен барлық өңірлерде ұйымдастырылып келеді. Біздің мақсатымыз осы балаларымыздың қашанда жүзі жарқын болсын дейміз. Еліміздің болашағы осы жастарымыз жоғары білімді азамат болсын дейміз.