Павлодарда этномәдени бірлестіктер «Мектепке жол» акциясына қатысты
Павлодардағы этномәдени бірлестіктер тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке дайындауға көмектесті.
«Достық үйінде» арнайы шара ұйымдастырылып, «Жомарт жан» қайырымдылық қоры атынан сыйлық табысталды. Балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формасы және спорттық киім үлестірілді. Павлодар облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 700 аз қамтылған отбасына қолдау көрсетілді. Бұл мақсатқа демеушілер тарапынан 14 миллион теңге бөлінген.
Хусейн Гулов, тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы:
- Біз барлық қала тұрғындарына игі шарадан тыс қалмауды ұсынамыз. Өйткені мұқтаж жанға көмектесу – сауапты іс. Біз қолымыздан келгенше жақсылық жасауға тырысамыз. Осындай акцияларды дәстүрлі түрде өткізді жоспарлап отырмыз.