1 қыркүйекте 345 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды

Бала 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша 6 жасынан қабылданады, деп хабарлайды 24kz.

Құжаттарды eGov.kz электрондық порталы арқылы немесе қағаз түрінде 31 тамызға дейін тапсыру керек.

Айта кеткен жөн, бүгінде елде 8 мыңға жуық мектеп бар. Онда шамамен 4 млн оқушы білім алады. Ал ғимаратының тозығы жеткен білім ордаларының саны 1300-ге жуықтайды. Олардың басым көпшілігі Жамбыл, Павлодар, Ақмола, Түркістан және Алматы облыстарында орналасқан. Қазір 280 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 222 мектептегі жұмыстар оқу жылы басталғанша аяқталуға тиіс. Жалпы жыл соңына дейін 302 жаңа мектеп ашылады.