Мектептердегі қауіпсіздік күшейтіледі

1 қыркүйектен бастап қауіпсіздік мәселелері бойынша сынып сағаттары тұрақты негізде енгізіледі.

Бұл жөнінде оқу ағарту министрлігі мәлімдеді. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында тексеріс жүргізу жалғасып жатыр. Ведомство өкілдерінің айтуынша, мектептердегі жиһаз, спорттық жабдықтар, баспалдақтар барлығы тексеріледі. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының аумағында және маңында ашық кәріз люктерінің болмауы да қаралады. Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігімен білім беру ұйымдарына іргелес жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді. Құжатқа сай жарықтандыру, жылдамдықты шектеу және балалар белгілерін орнатылуы тиіс.