350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды
Оның 70%-ке жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Бірінші сыныпқа баратындардың көбі Түркістан облысында – 44 мыңнан асады, Алматы облысында 34 мың, Астана қаласында 26 мыңнан астам бала тіркелген.
Жаңа оқу жылында 7859 мектепте 4 млн жуық қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар биыл 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті. Олардың саны 219 мыңнан асады. Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтіліп отыр.