Елде инклюзивті білім беру сапасы артады

Елімізде инклюзивті білім беру саласында психологиялық-педагогикалық қолдаудың 3 деңгейлі моделі енгізілмек.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр. Онда оқушыға сынып жетекшілері мен мұғалімдер қолдау көрсетеді. Ал психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары баламен арнайы жұмыс істейді. Тіпті қажет болса, сурдопедагогтер, тифлопедагогтер және басқа да сарапшы мамандар қосылады. «Қолданысқа енгізілгелі отырған оқу әдісі баланың қабілетін ашып, өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді», – дейді мамандар.