Қазақстанда қосымша білім беру гранттары тағайындалды

Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл гранттар конкурс негізінде ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған үміткерлерге беріледі. «Енді барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін баруы қажет», – деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орындарына 94 мыңнан астам грант бөлінгендігі хабарланған. Оның 78 мыңы бакалавриат, қалғаны магистратура мен докторантураға бағытталған. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми мәліметі бойынша су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден 15 мыңнан астам талапкер тегін оқи алады. Ал әлеуметтік осал топтағылар үшін 6 мыңға жуық грант тағайындалған. Тағы 5 мың грант халық тығыз қоныстанған және батыс аймақтардың түлектеріне арналды. Сонымен қатар шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына 2 мыңдай грант бөлінген.