Ақмола облысында он төрт мектеп қолданысқа беріледі

Ақмола облысында жаңа оқу жылы қарасаңында бес мектеп ашылады.

Оның бәрі елорда іргесіндегі аймақтарда орналасқан. Жаңа білім беру нысандары Қосшы қаласы мен Талапкер, Қараөткел және Ақмол ауылдарында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін өңірде тағы 9 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарланған.

Аймақта биыл пайдалануға берілетін 14 оқу ошағы «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Соның бірі Көкшетаудағы «Cарыарқа» шағын ауданында бой көтеруде. Қазір нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды. Білім ошағы мың жарым орынға арналған. Желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп көзделіп отыр. 

Төлеген Ғабдуллин, құрылыс учаскесінің бастығы:

- Қазір біз 50 пайыз шатырын жаптық. Шыныларын 60 пайызын қойып жатырмыз. Қазір бізде абаттандыру басталды. Қазір бізде 160 адам жұмыс істеп жатыр. Ішкі жұмыстар басталғанда адам саны көбейеді. 200 адамға дейін қосылады.

Ұлттық жоба аясында дәл осы шағын ауданда тағы бір мектеп салынып жатыр. Бұл да бірігей жоба болмақ. Себебі қазір облыс орталығында 6 мың оқушыға орын тапшы. Қос нысан жыл соңында пайдалануға берілсе мәселе түбегейлі шешімін табады. 

Валерий Гамазов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Көкшетау қаласында шынымен оқушылардың орын тапшылығы сезіледі. Қазір бұл мәселе біртіндеп шешімін табуда. Мәселен, былтыр 300 орынға шақталған бір мектепті пайдалануға бердік. Қазір онда 600-ге тарта оқушы білім алады. Ал осы қос мектеп ел игілігіне берілсе мәселе шешіледі. 

Өңірде құрылысы 4 жылға созылған үш мектеп бар. Биыл бұл нысандар да ел игілігіне беріледі. 

Нияз Байғожин, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз биыл Сандықтау, Бұланды және Жаңажол ауылдарындағы мектептердің құрылысын аяқтаймыз. Қазір ондағы құрылыс жанданды. Қараша айында іске қосамыз деген ойдамын. 

Бұдан бөлек биыл облыста 42 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін ел қазынасынан 8 миллиард теңге бөлінді.

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко