Жаңа оқу жылы
Жаңа оқу жылында еліміз бойынша 4 миллионға жуық бала мектепке барады.
Оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушысы. Биыл 302 жаңа білім беру нысанын ашу жоспарланған. Соның 61-і қыркүйекте пайдалануға беріледі. 1,7 млн бала ыстық тамақпен тегін қамтылады. Олар бастауыш сынып оқушылары және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары. Ішкі істер министрлігі 1700-ге жуық ғимараттың қауіпсіздігін тексерді. Нәтижесінде мыңнан астам кемшілік анықтады. 340 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Оларға 95 млн теңге айыппұл салынды.
3,9 млн оқушы
1 сынып - 360 мың оқушы
2024 ж. 302 жаңа мектеп
Тегін ыстық тамақ - 1,7 млн бала
2 655 нысан тексерілді
340 адам жауапқа тартылды
₸95 млн айыппұл