Өскеменде балалар мен аналарды қолдау қызметі сынақтан өткізіліп жатыр

Өскемен 3 жасқа дейінгі балалардың қарым-қабетілетін анықтап, дамуына көмектесетін педагогтар дайындап жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Осы бір ерекше жобаны жүзеге асыру үшін аудан-қалаларда оңалту орталықтары ашыла бастаған.

Онда жұмыс істейтін 100-ден аса маман арнайы оқытудан өтті. Тағы бір мәселе, сал ауруына шалдыққандар үшін мобильді қосымша әзірленеді.

Өскеменде балалар мен аналарды қолдау қызметі сынақтан өткізіліп жатыр. Шетелде тәжірбиеден өткен педагогтар үш жасқа дейінгі бүлдіршіндердің қарым-қабілетін анықтайды. Соған сәйкес әрқайсысына жеке дамыту бағдарламасын әзірлейді. Орталық жетекшісі Марина Белькова: «жобаның маңызы зор», дейді.

Марина Белькова, Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинет меңгерушісі:

- Қазақстан бойынша ашылған ең алғашқы қолдау орталығы бұл. Мұнда үш жасқа дейінгі балалар келеді. Бастапқыда олар скринингтік тексерістен өткізіледі. Соған сәйкес коррекциялық бағдарлама әзірлейміз.

2 жастағы Аня Клюева орталық мамандарының бірнеше сабағына қатысты. Қазір ол түрлі түстері ажырата алады. Интеллектуалды ойындарды ойнап, сұхбат беруден де қорықпайды. 

Кристина Клюева, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Мен бұл кабинетте тартуды, мынандай кішкентай таяқшаларды ретімен қоюды үйрендім. Саусағымның сезімталдығын дамытып жатырмын.

Ерекше күтімдегі балалар үшін аудан-қалаларда оңалту орталықтары ашылып жатыр. Онда арнайы оқытылған 130 дан аса мұғалім қызмет етеді. «Енді шалғай ауыл тұрғындары Өскеменге сабылмайтын болды», - дейді білім басқармасының бас маманы. 

Әсел Бұлажанова, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Бізде 9 психологиялық- педагогикалық кабинет жұмыс істейді. Тамыз айының аяғында тағы біреуі Тарбағатай ауданында ашылады. Білім басқармасы арқылы Алтай, Самар, Қатонқарағай және Марқакөл аудандарын да қамту жоспарланып отыр.

7 жастағы Әлжан бірінші сыныпқа дайындалып жатыр. Онымен бірнеше ай бойы оңалту орталығының қызметкерлері жұмыс істеді. «Нәтижесінде  оң өзгерістер байқалды», - дейді, анасы Жадыра Берікболова. 

Жадыра Берікболова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Жақсы түсінігі пайда болды. Отырады. Барлығын орындайды. Мамандарға алғыс айтам. Себебі олар әр баламен қалай жұмыс істеу керектігін нәтижелі жұмыс жасайды.

Коррекциялық мектептер мен оңалту орталықтарына кезек көп. Бұл аталған мекемелердің жетіспейтінін білдіреді. Сондықтан Президент арнайы тапсырма бергені белгілі. Нәтижесінде аймақтарда психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін орталықтар көбейіп жатыр. Қазірдің өзінде еліміздегі мыңнан аса мектепте инклюзивті кабинет ашылған.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Вячеслав Ветлугин, Жигер Бабаканов