Атырауда балалар қауіпсіздігі орталықтан бақыланады

Атырауда мектеп оқушыларының қауіпсіздігі тәртіп сақшыларының назарында.

Бүгінде облыс орталығындағы 158 мектеп қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына тіркелген. Кез келген оқыс оқиға бола қалған жағдайда, тәртіп сақшылары санаулы минуттарда мектептен табылады. Бұл - осыдан 2 жыл бұрын басталған қанатқақты (пилоттық) жоба болатын. Енді игі бастама алыс аудандардағы мектептерге таратыла бастады.

Әбіш Кекілбаев атындағы мектеп-гимназиядағы барлық қозғалыс мониторлар арқылы күзетшінің көз алдында өтеді. Мына монитордан мектеп ауласындағы қимыл қозғалыстарды анық көруге болады. Ал, ішкі жағдай мектеп басшылығының назарында. Онда сыныптардағы сабақтың өту барысы, кітапхана, асхана алақандағыдай көрініп тұр.

Қайырғали Әзімов, мектеп-гимназия директоры:

- Осындай барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Сонымен қатар толықтай бейне камералармен қатамасыз етілген. 56 камера оның тең жартысы ішті, қалғаны сыртты бақылайды. Онан бөлек 20 камера кабинеттерді қамтиды. Яғни мектептің іші-сырты толықтай бейнекамерларамен қауіпсіздікпен қамтылған.

Ал мына фейс бақылау қондырғысы ғимаратқа кіргендерді есепке алады. 1 мыңға тарта оқушы мен мұғалімдердің суреті мектептің орталық компьютеріне енгізілген. Базада болмасаң, бөтенсің.

Мектеп дәлізіндегі қызыл қондырғы дабыл түймесі. Оны кезекші күзетші ғана пайдалана алады. Бүгінде осындай дабыл түймесі облыстағы 150-дей мектепке орнатылған

Асқар Атамқұлов, облыстық ПД жедел бақылау орталығының басшысы:

- Дабыл түймелері бойынша былтырдан бері хабарламалар түсіп жатыр. Ол көбінесе жалған ақпарат болып келіп жатыр. Бірақ, әрбір түскен хабарлама, дабыл болсын бір де бір мәлімет бойынша міндетті түрде есекпе аламыз. Хабарлама түскен уақытта жедел басқару орталығы қызметкерлері жақын жүрген экипаж бен учаскелік инспекторға жібереді. 5-7 минутта жедел жетеді.

Осындай дабыл түймелері мен бейне бақылау камералары аудан орталықтарындағы мектептерге де орнатылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа оқу жылы қарсаңындағы мектептердің маңайындағы барлық автокөлік жолдарының белгілері алмастырылып, жолақтары жаңғыртылды.

Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов