Қазақстанда Кореяның ең беделді техникалық университетінің кампусы ашылады

Көлік мамандарын даярлау, сирек металдардан материалдар өндіру және музыканы онлайн оқыту. Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея жоғары оқу орындарының басшылары осындай уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды 24kz.

Владислав Цой, тілші:

- Оңтүстік Корея жоғары білім беру саласында Қазақстанның Азиядағы ең ірі серіктесіне айналуда. Қазірдің өзінде бірнеше Қазақстан және Корея университеттері студенттер алмасуда. Осы айдың аяғында екі елдің тағы 10-ға жуық университет ректорлары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кореяның индустриялық технологиялар институты Қазақстан металлургия және кен байыту институтымен өз тәжірибесімен бөліседі. Екі білім ордасы арасында осындай меморандум жасалды. Оңтүстік Корея ғалымдары қазақстандық әріптестеріне сирек жер металдарынан материалдар өндіруді үйретеді және өз жабдықтарын береді. Жобаны 2026 жылдан 2030 жылға дейін жүзеге асыру көзделген.

Бақдаулет Кенжалыұлы, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ бас директоры, Сеул:

- Біз соған байланысты егер өндірісті жіберсек, жібереміз, Құдай қаласа. Сонда мысалы мыс 9 мың доллар тұрса, қазір шетелдік нарықта алған өнім ол 10-15 есе артық болады. Кеңес үкіметінде де маман болған жоқ. Әдейі үйретпеді. Кейін де экономикалық Ресейге тәуелді болды, оны жасыратын ештеңе жоқ.

Қазақстанда Оңтүстік Кореяның ең беделді техникалық университеті – Корей ғылым және технология институтының кампусы ашылмақ. Бұл туралы келісімге Тэджон қаласында қол қойылды. Сондай-ақ инженерлерді Қарағанды техникалық университеті мен Конджу ұлттық университеті дайындайды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Ең үлкен жаңалық – KAIST – Ол Кореяның ең көне мықты ұлттық зерттеу университеті Қазақстанда толыққанды кампус ашуға келісті.

Өзінің оқу бағдарламаларын куриквилумдарын олар тегін беретін болды, Pro bono.Оқытушылармен көмектесетін болды KAIST, және KAIST-тың бұрынғы Президенті Қазақстанға келіп, KAIST-Қазақстанды аяққа тұрғызуға көмектесуге келісімін берді.

Қостанай университетінің екі студенті Доный университетінде машина жасау мамандығы бойынша оқуын аяқтады. Биыл Пусанға тағы 5 қазақстандық келетін болды. Олар Кореяда алған білімі мен тәжірибесін Қостанай облысындағы автокөлік шығаратын зауытта қолдана алады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян