Қазақстанда 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады
Биыл ел бойынша 4 миллионға жуық оқушы дәстүрге сай алғашқы қоңырау сыңғырын естиді.
Оның 350 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш аттайды.
Ел аумағында 7859 мектеп бар. Оның 178-і күрделі жөндеуден өтіп, ертең ашылады. Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру ұйымдары да өз қызметін бастайды. Қазір өңірлердегі бейінді құрал-жабдықтармен 1,5 мыңнан астам пәндік кабинеті жарақтандырылып, сақадай сай тұр.
Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бірнеше мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда инклюзивті мектептердің үлесі 88%-ке, ал балаларды арнайы қолдаумен қамту деңгейі 80%-ке өсіп отыр. Сонымен қатар Старлинк спутниктік интернеті 1757 мектепте орнатылған, соның арқасында қосылу жылдамдығы 3 есеге артты.