Тамара Дүйсенова Астанадағы жайлы мектептің ашылу салтанатына қатысты
Астанада жаңадан ашылған №101 мектепте 1 «Т» сыныбы ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Осылайша, қабылданған 1-сынып саны 20-ға жетті. Оқу ордасы білім табалдырығын енді аттаған 600-ге жуық бүлдіршінді оқытады. Мектептің мерекеге орай өткен салтанатты шарасына Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова барды. Ол білім мекемесі «Жайлы мектеп» бағдарламасының арқасында ашылып отырғанын еске салып, ата-аналарды құттықтады. Президент пәрменімен оқу орындарының санын да, сапасын да арттыруға басымдық берілгенін жеткізді. Ресми рәсімнен кейін бүлдіршіндер, қаз-қатар тізіліп, жаңа әрі жайлы сыныптарымен танысты.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Президент бастамасымен жүріп жатқан «Жайлы мектеп» жобасы аясында беріліп отырған алғашқы заманауи мектебіміз барлық балаларға үлкен сый деп ойлаймын. Қуаныштарыңыз құтты болсын!
Нұрбек Есенкелдиев, мектеп мұғалімі:
- Бұл жаңа мектеп, жайлы мектеп. Мектебіміз 4 мың балаға арналған. Қазіргу уақытта жайлы мектебіміз балаларға бірінші ресуртық жағынан қамтамасыз ету, екінші жағынан барлығына бірдей білім беру болып табылады.