Роман Скляр оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Балалардың қауісіздігі – басты назарда. Елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ашылған №99 мектепте ол үшін барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды 24kz.

Мысалы, білім ордасының бұрыш-бұрышына 150-ден аса бейнекамера орнатылған. Апатты жағдайға бірнеше кіріп-шығатын есік те қарастырылған. Ашылу салтананатына Пемьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да қатысты. Ол мекеменің басты ерекшелігі – цифрлық технологиялар мен инклюзивті білім беруді іске асыру екенін атап өтіп, мектеп ұжымы мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады. Биыл мұнда 170-тен аса бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.

Ләззат Садықбекова, Астана қаласы №99 мектеп директоры:

- Қазіргі таңда мектебімізде 1610 оқушы, оның ішінде 11 бірінші сынып, яғни, бірінші сыныпқа 172 оқушы келді. Жалпы «Жайлы мектептің» басты мақсаты– орын тапшылығы, 3 ауысымды мектептердің мәселесін шешу болатын. Сол мақсатта біздің біздің мектебімізге үш ауысымды №59 және №89 мектептерден бізге оқушылар келді. Сонымен қатар осындай заманауи жайлы мектептер біздің ең басты халықаралық стандартқа сай салынған, барлық заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған. Және де балалардың қауіпсіздігіне ең басты назар аударылуда.