Алматыда жыл соңына дейін 22 мектеп пайдалануға беріледі
Алматыда Мемлекет басшысының пәрменімен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орынға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24kz.
№97 мектеп Әуезов ауданында, бұрынғы апатты мектептің орнына салынды. Бұл күнді оқушылар ата- аналар мен ұстаздар көп күткені анық. Жаз бойы алаңсыз демалған балалар жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайды. Орыс тілінде білім беретін мекемеде биыл алғаш рет қазақ тілді сынып ашылып, 25 оқушы әліппе оқиды. Жыл соңына дейін қалада 33 мың орындық 22 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жалпы жаңа мектептер «Қарасу», «Самғау», «Шұғыла», «Құрамыс», «Теректі» шағын аудандарында ашылады. Сондай ақ 180 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл 308 мың оқушы партаға отырса, 28 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет атады.
Майра Бейсебекова, №97 мектептің мұғалімі:
- Бұрынғы мектебімізде де өте көп жоғары нәтижелер көрсеткен оқушыларымыз. Мен ойлаймын, осы жаңа мектебімізде одан да жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деп.