«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына құжат қабылдау жалғасуда
Түрлі салада жетістікке жеткен жалынды жастар «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсына қатыса алады, деп хабарлайды 24kz.
Өтінім берушілер 6 қазанға дейін ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттардағы өз жобаларын ұсыну керек. Нәтижесінде топ ішінен іріктеліп шыққан 30 жасқа 3 млн теңгеден грант беріледі. Бұл туралы Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров мәлімдеді.
Қайрат Қамбаров, ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:
- Ағымдағы жылы грант беру тәртібін жетілдіру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Онда еліміздегі волонтерлік саланы қолдау мақсатында грант бағытттарының тізбесінде қосымша волонтерлік көзделген. Осылайша, 2024 жылдан бастап грант алты бағыт бойынша берілетін болады. Қағидаларға сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – конкустың өтінімдерін қабылдау және қарау. Екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпаздарын анықтау.