АЭС: Алматыда кадр даярлау мәселесі талқыланды
Бүгін Алматы энергетика және байланыс университетінде Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Ғалымдар мен оқытушылар және энергетика саласының мамандары кадр даярлау мәселелерін талқылады. «Оқу орнында атом электр стансыларына қызмет көрсететін мамандарды дайындауға толық мүмкіндік бар», – дейді мамандар. Осы мақсатта университет Ядролық физика институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. «Атом электр стансысы – еліміз үшін қауіпсіз және экологиялық таза энергия көзі», – дейді сарапшылдар.
Қажыбек Тергемес, техника ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі:
-Менің ойымша, түбінде біз келеміз. Жел, күн энергиясы дейміз, күн, жел энергиясының әлеуеті бар. Бірақ қаншама күн стансысын салу үшін жер керек. Бір панельдің өзі 700 Вт беретін. Киловатт, мегаватт деген сөз жоқ бұл жерде. Ал есептеңіздер, қаншама панель қою керек. Желді де әр жерде сала бермейсіз ғой. Желдің соғатын өзінің орындары бар.