Қазақстандық мамандар ядролық медицина саласындағы жетістіктерін таныстырды

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас конференциясының 68-ші сессиясы аясында отандық мамандардың ядролық медицина саласындағы жетістіктері таныстырылды, деп хабарлайды 24kz.

Ұйым сарапшылары агенттік пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық бағдарламалары жоғары деңгейде іске асып жатқанын атап өтті. Саланың дамуына қосқан үлесі үшін біздің мамандарға алғыс білдірді.

Жанат Эрнст, тілші:

- Халықаралық конференция шеңберіндегі арнайы іс-шараға еліміздің Ядролық физика институты мен Ядролық медицина орталықтарының өкілдері қатысты. Қазақстандық ғалымдар осы саладағы әдістер мен технологияларды дамыту туралы арнайы баяндама жасады. Еліміз жеті радиофармацевтикалық дәрі шығарылады.

Елена Чакрова, Ядролық физика институтының радиохимия және изотоп өндіру орталығының жетекшісі:

- Біз Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің «Техникалық ынтымақтастық» бағдарламасына қатысып келе жатқанымызға 20 жыл болды. Одан көп тәжірибе жинадық. Қазір технеций негізіндегі радиофармацевтикалық препараттар шығарамыз. Ынтымақтастығыз жылдан жылға артып келеді. Енді тераностикалық радиофармацевтикалық дәрілер шығаруды қолға алмақпыз. Ол қатерлі ісіктің бастапқы даму кезінде қолданылатын болады.

Отырыста Президент Әкімшілігі ауруханасы Ядролық медицина орталығының меңгерушісі Айгүл Сәдуақасова елдегі қатерлі ісік ауруын ерте диагностикалау әдістерімен таныстырды. Ядролық медицина орталықтарының жұмыстары жайлы айтып берді.

Айгүл Сәдуақасова, ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы, ядролық медицина орталығының басшысы:

- 2008 жылы Қазақстанда ядролық медицина енгізіле бастағанда Агенттік көп қолдау көрсетті. Ұйым осы саланы дамыту үшін тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі құрал-жабдықтар жеткізді. Енді бүгін осы салдағы қол жеткізген жетістіктерімізді көрсетіп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта агенттікпен серіктестігіміз кеңейіп, өзара ықпалдастығымыз артатынына сенімдімін.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының өкілі Жандос Аманқұлов ядролық медицинаны дамытудағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің рөліне тоқталды. Ол ядролық медицина әдістеріннің қаржылық тұрғыдан тиімділігін атап өтті.

Жандос Аманқұлов, Радиология және ядролық медицина, онкология және радиология бөлімінің жетекшісі:

- Қазір жылына бізде 41 мыңнан астам жаңа онкологиялық науқастар тіркеліп жатыр. Және осы онкологиялық өлім жітім санын төмендету үшін және олардың емің эффекттіктігің арттыру үшін бізге ядролық медицинаның әдістері көп көмектеседі. Сонымен қоса, Қазақстанда терапияға арналған қуық астының безінің емдеуге және нейроэндокриндік ауырларды емдеуге арналған радиофармпрепараттарды шығару жоспарлап отыр. Және осы ядролық медицинаның елдегі дамуында біздің денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік жеке кәсіпкерлікке үлкен мән береді

Қазақстанда алдағы 3 жылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті пайдалана отырып позитронды-эмиссиялық томографиялық аппараттары бар 7 орталық пен бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томографиялық аппараттары бар 4 кешен ашу жоспарда бар. Сонымен қатар 5 ядролық медицина орталығын құру қарастырылып жатыр.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов