Атырауда «Каспий тынысы» ғылыми конференциясы өтті
Суды үнемдеу әрі оны тиімді пайдалану – әлем үшін маңызды міндет.
Бүгін Атырауда өткен халықаралық «Каспий тынысы» ғылыми конференциясында шетелдік ғалымдар осылай деді. «Үлкен су бассейндерін сақтау мен дамыту, Каспий теңізі сияқты ішкі көлдерді көбейту» тақыбырында өткен жиынға әлемнің 12 елінен 50-ге жуық ғалым келді. Су мәселесін зерттеп жүрген зерттеушілер салаға білікті жастарды тартудың маңызды екенін айтты. Ғалымдар Жайық өзені мен Каспий теңізінің проблемаларын да ортаға салды. Шетелдік зерттеушілер өз тәжірибесімен бөлісті.
Хуей Линь, Цзянси педагогикалық университетінің профессоры /ҚХР/:
- Адамдардың өмір сүру сапасы судың сапасына байланысты екені белгілі. Бүгінгі конференцияда Жайық-Каспий айдынындағы судың тазалығы мен оны қорғау мәселелері көтерілді. Сонымен қатар жастарды суды үнемдеуге, оны қорғауға үйрету маңызды міндет. Біз Каспий секілді үлкен көлдерді сақтау үшін өзіміздің тәжірибемізбен де бөлісіп жатырмыз.
Гүлзада Шакуликова, Атырау мұнай және газ университетінің ректоры:
- Халықаралық конференциясының керемет, жақсы жағы – осы бүгінгі залда 50-ге жуық жас мамандар, зерттеушілер, болашақ маманлар-студенттер де қатысып отыр. Олар көптеген өздерін толғандырып отырған сұрақтарды жан-жақтан келген сарапшыларға қойып, солардың жауабын алып жатыр.