Қазақстан мен Корея бірлескен ғылыми орталық құрады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея Жоғары температуралық материалдардың ғылыми орталығын құрмақ.

Бұл бастама туралы бүгін, корей делегациясының Сәтбаев университетіне сапары барысында мәлім болды. «Қазақстанда шикізат қоры көп. Біздің мақсат, ғылыми-өндірістік технологиялар негізінде шикізаттан жоғары сапалы өнім өндіріп, нарыққа дайын тауар шығару», - дейді делегация өкілдері. Мемлекет басшысы «Экономикалық өсуді ынталандыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ғылымның маңыздылығын мойындау, уақыт талабы» деп атап өткен болатын. Сондықтан корей делегациясының сапары озық технологияларды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспортты кеңейтуге, жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы ұСтанымын нығайтудың бірегей мүмкіндігі.

Хан Чжунхи, Өнеркәсіптік технологиялар институтының бөлім басшысы /Оңтүстік Корея/:

- Қазақстан металға бай мемлекет, корей-қазақ қарым-қатынасының дамуы жоғары сапалы металл жабдықтарын шығаруға мүмкіндік береді. Кореяда металл өндірудің барлық циклін қамтитын озық технологиялар бар. Қазақстанда өндірістің бастапқы кезеңі жақсы дамыған. Мүмкіндіктерімізді біріктіре отырып, біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Бақдаулет Кенжалиев, Satbayev University металлургия және байыту институтының директоры:

- Бір тонна мыс тоғыз мың доллар тұрады. Біз жылына 400 мың тоннадан артық шығарамыз ғой, енді бір тонна мыстан материалдар жасасақ, композиционный материалдан жаңа құймалар жасасақ, олардың бір тоннасы 100 мың долларға дейін кету керек. Сонда біз былай айтқанда 400 мың тонна шығарып не істейміз? Өзіміздің шикізатымызды азайтып. Одан да соңғы продукцияны шығарып сатсақ. Рыноктың өзі Кореяға тіке шығаруға болады.