Мектепте орамал тағуға рұқсат берілген жоқ – Жоғарғы сот

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы мектептерде орамал тағуға рұқсат етілгені туралы ақпарат тарады.

Алайда Жоғарғы сот мұның жалған екенін ресми мәлімдеді. "Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығына қатысты мәселені талқылауға араласқан жоқ" делінген хабарламада. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. Жауапты министрлікте міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттік бар. Министрдің бұйрығы заңсыз деп танылған жоқ. Бұл ретте мамандар ата-аналардың тиісті міндеттерді орындамауы әкімшілік жауапкершілікке апарып соғатынын еске салып отыр.