Алматыдағы Ядролық физика институтында ашық есік күні өтті

Алматыдағы Ядролық физика институтында орналасқан зерттеу мақсатындағы су-сулы реактор 57 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Бұл атом электр стансысының шағын макеті саналады. «Себебі АЭС пен зерттеу реакторларына МАГАТЭ-ның қауіпсіздік талаптары бірдей және 57 жылда реакторда бірде-бір оқыс оқиға болған жоқ», – дейді ғалымдар. Ядролық физика институтында өткен ашық есік күніне қатысушылар бейбіт атомды пайдалану, атом электр стансысының қауіпсіздігі туралы жан-жақты ақпарат алып, реакторда жүргізілетін ғылыми және өнідірістік жұмыстармен танысты. Атап айтқанда, су-сулы реакторында өнеркәсіптік және медициналық мақсаттағы радиоактивті изотоптарды өндірудің толық циклі жолға қойылған. Қазіргі таңда Ядролық физика институты онкологиялық аруларға қарсы препаратпен ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр.

Жақсылық Тезекбаев, Ядролық физика институты зерттеу реакторы қондырғысы бас инженерінің орынбасары:

- Реакторда өндірілетін заттарға келетін болсақ, ядролық медицина, оның ішінде фарм препараттарымыз бар. Радиология, археология жағынан эксперименттер жүргіземіз, фундаменталды физика жағынан эксперименттер жүргіземіз. Радиофарм препараттар қазіргі Қазақстанның өндірісі және медицина жағынан 75%-ін біздің зерттеу реакторы қамтамасыз етеді деп айтсам болады.