Көпбалалы отбасынан шыққан балалар гимназияға жеңілдетілген тәртіппен қабылданады
Елімізде көпбалалы отбасылардан шыққан балалар республика бойынша мамандандырылған мектеп-гимназияларға жеңілдетілген тәртіппен қабылдана бастайды, деп хабарлайды 24KZ.
Анасы «Алтын» және «Күміс» алқа иегері атанған жанұялардың оқушылары мектепке қабылдау туралы ережеде әлеуметтік осал топ санатына қосылды. Талапқа сай бұл санат мектеп-гимназиялардағы оқушылардың 15%-ін құрауы тиіс. Жуырда шымкенттік көпбалалы ана қызының гимназияға конкурссыз қабылданбай қалғанын жеткізген еді. Шағымға Омбудсмен үн қатып, Оқу-ағарту министрлігі типтік ережеге тиісті өзгеріс енгізді.