Талдықорғанда «Ұстазға құрмет» апталығы басталды

Салтанатты шарада 200-ге жуық мұғалім марапатталды.

Білім саласы қызметкерлеріне оқу-ағарту министрінің, облыс әкімінің құрмет және алғыс хаттары табыс етілді. Сонымен қатар салаға еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне кәсіподақ атынан «Еңбек адамы» төсбелгісі берілді. Ұстаздар қауымының уақытпен санаспай, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі еселі еңбегі аталып өтті. Мерекелік жиындар енді өңірдің аудан-қалаларында да жалғасады. Жалпы Жетісу облысында мұғалімдердің саны 21 мыңнан асады.  

Раушан Абдуллаева, Е. Берліқожа атындағы мектеп мұғалімі:  

- Ұстаздың еткеніме 32 жыл болды. Осы 32 жылдың ішінде қаншама қыздарға қолөнерді үйретіп, біздің халқымыздың қолөнерін дамытып, соған үлес қосып жатырмыз. Бүгінгі таңда еңбегім еленіп, осындай марапатқа ие болып жатырмық. Өте қуаныштымы. 

Әли Солтанбекұлы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Жетісу облысы үшін жемісті жыл болды. Оның себебі біріншіден оннан аса оқушымыз халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз жүлдегер болды. Екіншіден, 25 мұғаліміміз Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері болып отыр. үшіншіден министрлік жасаған рейтинг бойынша былтырғы жылы соңғы үштікте болсақ биылғы жылы бүкіл облыстардың ішінде он бірінші орында тұрмыз.