Көкшетаулық ұстаз жасанды интеллект көмегімен сабақ береді
Көкшетаулық ұстаз – Аяжан Мұратова шетелдік тәжірибелерді қолдана отырып, оқушыларға химия пәнінен жаңаша бағытта сабақ береді, деп хабарлайды 24kz.
Ол үшін түрлі оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеген. Жас маман екі жыл ішінде екі жүзге жуық көрнекілік құралын дайындапты. Ал, биылдан бастап жасанды интеллект арқылы сабақ беруге көшкен.
Абзал Балтабаев, тілші:
- Аяжан Мұратова әр сабағын қызықты, әрі түсінікті етіп өткізуге тырасады. Сондықтан әрдайым ізденіс үстінде. Әсіресе, химиялық зерттеу жұмыстарын түрлі ойындар арқылы оқушыларға еркін жеткізеді.
Диляра Өтелбай, оқушы:
- Осы тапсырмалардың тиімділігі біз группамен жұмыс жасағанда бір-бірімізге көмектесу арқылы барлық тапсырма мен тақырыпты жақсы меңгере аламыз.
Ал, жас маман осы жылдан бастап жасанды интеллект арқылы сабақ беріп жүр. Заманауи онлайн платформалар ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, уақытын үнемдейді.
Аяжан Мұратова, мұғалім:
- Онлайн платформаларды алатын болсақ, маған тиімділігі мен өзімнің уақытымды үнемдеймін, қағаз ресурсымды үнемдеймін. Яғни, онлайн платформа маған тестімді тексеріп береді, уақытымды үнемдейді. Ал, жасанды интеллект маған сол тестке тапсырмалар құрастырып береді.
Жас маманның қарым-қабілетін әріптестері де жоғары бағалайды. Ол ұжым арасында үнемі тәжірибе алмасып тұрады.
Бақыт Өтепбергенова, мұғалім:
- Аяжан өте ізденімпаз. Бір орнында тұрып қалмайды. Әрқашан білімін толықтырып отырады. Жас маман деп біз оны ойламаймыз. Біздің еңбек өтіліміз үлкен болса да, біз одан қазіргі платформаларды үйреніп, тәжірибе алмасып жатырмыз.
Аяжан Мұратова әлеуметтік желіде де белсенді. Өзінің Telegram каналына авторлық көрнекіліктерін жүктеп отырады.
Аяжан Мұратова, мұғалім:
- Жалпы инстаграм желісінде 13 мыңға жуық оқырманым бар. Ал, тик-ток желісінде менің 17 мыңға жуық оқырманым бар. Қазіргі таңда өзімнің онлайн көрнекілік атты каналым бар. Оның ішінде 1700 республиканың ұстаздары тіркелген. Көбінесе онтүстіктің ұстаздары тіркелген. Бос шабломдарымды олар да сабақтарына пайдаланады.
Қазіргі уақытта жас маман барлық әдістемелік құралын біріктіріп, жинақ етіп шығаруды көздейді. Бұл жұмысы химия пәнін үйретуде тың тәсіл боларына сенімді.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный