Мемлекет басшысы үздік мұғалімдерді марапаттады
Президент Ақордада еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған мұғалімдерді марапаттады, деп хабарлайды 24kz.
Білім беру ісіндегі үздіктердің жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айырықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлағатты ұстаздар тұтас ұлтты тәрбиелейтінін айтып, жастардың бойына адал азаматқа тән қасиеттерді сіңірудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ Президент еліміздің барлық аумағындағы еңбегі ерен мұғалімдердің жеткілікті екенін айтып, алдағы уақытта олар да назардан тыс қалмайтынын жеткізді.