Түркістанда мұғалімдерге құрмет көрсетілді

Түркістанда Ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстазыма мың алғыс!» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды 24kz.

Мерекелік жиында шәкірттері республикалық, облыстық олимпиада және спорттың бәсекелерде топ жарған 30 мұғалімге құрмет көрсетілді. Оның ішінде 10 ұстаз «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісін және 20 педагог «Құрмет грамотасын» иеленді. Одан бөлек, шәкірті 42 елдің оқу орындарынан шақырту алған география пәнінің мұғалімі Арғын Бастами автокөлікке ие болды. Оның шәкірті Ислам Әбдірахманов қазір АҚШ-та оқып жатыр. Жалпы Түркістан облысында 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді.

Арғын Бастами «Түркістан білім-инновация» лицейінің география пәні мұғалімі:

- Мұғалімдер күніне орай ерекше тосынсый болды. Мен өзім көлік айдауды білмеймін. Сол үшін мұндай сыйлық алам деген ойыма келмеді. Әрдайым грамота алып үйренгенбіз ғой, бірақ оны жинап қоямыз. Бірақ бұндай дүние жасайды деп ойламадым, күтпедім. Үлкен рахмет!