Қарағандылық ұстаздар пәтер мен ақшалай сыйлыққа ие болды
Қарағандылық ұстаздар кәсіби мереке күні пәтерлі болды.
Жергілікті кәсіпкер осындай тосын сый жасады. Облыс орталығындағы Кеншілер мәдениет сарайында өткен шарада аймақтың үздік мұғалімдері түрлі марапатқа ие болып, концерт тамашалады.
Екі бөлмелі пәтер 40 жыл бойы тәрбиеші болған Жәмилә Ахмадиева мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Владимир Бородастовқа бұйырды. Оларға жергілікті кәсіпкер демеушілік танытты. Баспана иелерін анықтауда арнайы комиссия сараптама жүргізді. Балабақшада еңбек ететін Жәмилә Ахмадиева үй кезегіне 20 жыл бұрын тіркелген. Заң бойынша зейнет жасқа келгендіктен тізімнен шығарылған. Бірақ бұйырған кетпейді, - дейді ардагер ұстаз.
Жәмилә Ахмәдиева, білім беру саласының ардагері:
- Міндетті түрде сізге үйге береміз деді. Сол уәделерінде тұрып міні төл мерекемде пәтер беріп жатыр. Енді қуанышымды айтып жеткізе алмаймын, Ішіме сыймай барады.
Салтанатты шарада 5 ұстазға «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогтары» төсбелгісі табыс етілді. Қаржылай 1,5 миллион теңге сыйлығы бар бұл марапат бірнеше жыл бұрын мұғалімдердің беделін арттыру мақсатында беріліп келеді.
Ермағанбет Бөлекпаев, облыс әкімі:
- Құрметті,ұстаздар! Баршаңызды ұстаздар күнімен құттықтаймын! Бұл тек білім беру саласыны қызметкерлерінің мерекесі емес, ұстаз алдын көрген адамдар үшін ееркше күн. Педагог мәртебесін көтеру туралы заң бекітілгелі бері білім беру саласы өызметкерлерінің жағдайы жақсарып келеді.Соңғы екі жылда ұстаздардың жалақысы 2 есеге өсті.
Өңірде 420 мектеп бар. 25 мыңға жуық педагог өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосып келеді.
Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар