Профессор Құсайын Рысалдының еңбек жолына 60 жыл толды

«Ғалым салған сара жол». Филология ғылымдарының докторы, профессор Құсайын Рысалдының еңбек жолына 60 жыл толды, деп хабарлайды 24kz.

Алматыда профессордың құрметіне өзі жұмыс істейтін университетте ғылыми конференция өтті. Ел аймақтарынан келген шәкірттері оның ғылымдағы ізденістері мен тілдің даму болашағы жайлы ойларын ортаға салды. Құсайын Рысалды 1964 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының неміс тілі факультетін үздік аяқтап, ұстаздық жолға бет бұрған. Содан бері 60 жыл табан аудармай бір жерде еңбек етіп келе жатқан профессор бірнеше буын студенттерді тәрбиеледі. Ғылымға баулыды. 100-ден астам ғылыми еңбек жазды. Оның ішінде оқушылар мен студенттерге арнап жазған оқулықтары, монографиялары да бар. Ғылым мен ұстаздық жолды ұштастырған профессор әлі күнге дейін студенттерге дәріс оқиды.

Құсайын Рысалды, филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Біздің сол кездегі дәрежеміз басқаша болса, қазіргі кездегі жастар әлдеқайда алғыр сияқты көрінеді, шет тілдерін меңгеру жағына келгенде өте икемді келетіндігі мені қуантады. Өйткені біздің қазақтың жастары өсу керек осылай өскені бізді қуантады.

Нұрсұлу Букетова, Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры:

- Құсайын Тынысбайұлы Рысалдинов, ол кісі бізге бірінші курстан ұстаз болған адам. Ол кезде Германиядан оқып келген адам шетелден оқыған адамдар өте көп болған жоқ. Мәдениет жағынан көп нәрсе үйретті және де тілдер жағынан да көп нәрсені үйретті. Ғылыми жұмысқа да өзіміздің керемет бір бағытымыз жолымыз ашылды.