Қызылордадағы Жасанды интеллект институтында шетелдік студенттер білім алып жатыр

Қызылордада ашылған Жасанды интелект институтын жабдықтауға Кореяның Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар униферситеті қолдау жасайды.

Бұл туралы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шиктің Қызылордаға сапары барасында айтылды. Жаңа оқу жылынан бастап Қызылордада AI (Эй ай) архитектор және Data management бойынша мамандар даярлана бастады. Ол үшін 100 мемлекеттік грант бөлінген.

Ақтөбелік Әлижан Тәбиев Қызылордадағы Жасанды интелект институтында ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша білім алып жүр. «Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар униферситетімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бірлескен білім беру бағдарламасы аясында қос диплом иелену мүмкіндігі менің ерекше қызығушылығымды тудырды», - дейді ол. 

Әлижан Тәбиев, студент:

- Қазіргі таңда жасанды интелект көп нәрсеге жол ашып тұр. Басқа да компаниялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сабақтар ағылшынша өтеді және қосымша корей тілінде, кейінірек Кореяда оқуға мүмкіндік бар. 

Биыл Қызылордада AI (Эй ай) архитектор және Data management бойынша мамандар даярлана бастады. Ол үшін 100 мемлекеттік грант бөлінген. 

Оралбек Абдуллаев, оқытушы:

- Әлемдік үлкен жоғарғы оқу орындарындағы жасанды интелектіге байланысты пәндерді өзімізге басшылық етіп алып, сол пәндердің негізінде осы жақтағы бағдарламаны жасап шықтық.

Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шиктің Қызылордаға сапары аясында Корея делегациясы институттың жұмысымен танысты. Тараптар келіссөз барысында бірлескен жобаны одан әрі дамыту тетіктерін талқылады. 

У Вон Шик, Корея Республикасы ұлттық ассамблеясының төрағасы:

- Қызылорда университетінде даярланған мамандар цифрлы Қазақстанды дамытуға үлес қосатыны сөзсіз. Мұндағы студенттер заманауи ақпараттық технологиялармен қатар төрт тілді меңгеріп шығады. Бірлескен жобаны одан әрі дамытуға Корея тарапынан тиісті қолдау жасалады. 

Бейбіткүл Кәрімова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры:

- Сеултехтің тарапынан зертханалық класстар ашылып, оларға қажетті жабдықтар, серверлар келіп, бизнес инкубатор орталығы ашылып, дрондар жинайтын инженерлерді даярлау басталады. Және осы жазда біздің 4 оқытушымыз арнайы тағылымдамадан өтіп келді, Сеултехта.

Жасанды интелектті меңгеру мақсатында Қызылордаға еліміздің өзге өңірлері мен шетелден де студенттер келе бастаған. Әлемдегі жетекші жоғарғы оқу орындарының филиалын ашу өңір экономикасы үшін пайдалы,-дейді мамандар.

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбат Байділдаев