Елордада алаштану ғылымының өзекті мәселелері талқыланды

Еуразия ұлттық университетінде Алаш ардақтыларының еңбегін зерттеуге қатысты ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды 24kz.

Жиынға Түркия, Франция, Қырғызстан, Әзірбайжан ғалымдары қатысты. Зерттеушілер Алаш өкілдерінің қазақ журналистикасы мен жалпы публицистиканың дамуына қосқан үлесін талқылады. Сөйтіп, алашордашылардың саяси-құқықтық және философиялық көзқарастары біздің заманымызда да өзекті деген қорытындыға келді. Мамандардың пікірінше, алаштанушылардың еңбегін өзге тілдерге аударып, әлемге таныстыру маңызды.

Айта кетейік, басқосу «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына байланысты ғылыми мақалалар жазған Қайрат Сақтың 60 жылдығына арналды.

Кенже Жұмағұлов, «Еуразия университеті» газетінің бас редакторы:

- Алаштану саласында өте үлкен еңбек істеді ол кісі. Алғашқылардың бірі болып сол кездің өзінде. «Қазақ» газетін зерттеу барысында үлкен ғылыми жұмыстар атқарды. Оны алаштанушылар жақсы біледі деп ойлаймын. журналистерді білімді лайықты дайындау мақсат. Конференцияның да мақсаты сол.