Елордада Coventry University кампусы ашылды

Енді қазақстандық студенттер елден шықпай-ақ шетелдік білім ала алады, деп хабарлайды 24kz.

Елордада Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Coventry University кампусы ашылды. Онда талапкерлер халықаралық стандарттарға сәйкес білім алады. Университет әлемнің жетекші компанияларымен серіктестік орнатқан. Соның арқасында студенттерге бірегей жобалар мен тағылымдамаларға жол ашылды. Айта кетейік, елімізде шетелдік университеттердің 24 филиалы жұмыс істейді. Келесі жылы тағы 10 филиал ашылмақ.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Жоғары білім енді әлеуметтік дотациядан жүгінген саладан үлкен экономика саласына айналдыруды көздеп отырмыз. Екінші әр өңірлік университетке біз мықты шетелдік серіктестік тауып қойдық, Мысалы Ақөбе, Петропавл университеттеріне таптық. Сол шетелдік университеттер арқылы жергілікті ЖОО халықаралық зерттеуші университеттер ретінде трансформациялау. Қазір бірден бастап кеттік.