Мерзімді қызметтегі сарбаздарға 1500 грант бөлінді
Мерзімді қызметтегі сарбаздарға жоғары оқу орнында тегін оқуға 1500 грант бөлінді.
Әскерилерге үш жоғары оқу орнын таңдау құқығы берілді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік гранттарды бөлу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Жаңа талап бойынша, екі бейіндік пәннен тестілеу қосылады. Студенттерге шәкіртақы тағайындалып, алғашқы оқу жылы жатақханаға орналастырылады. Жобаны іске асырудың барлық кезеңінде 4500 сертификат берілген. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап 1039 мерзімді қызмет сарбазы оқуға түсті, олардың 581-і тегін оқу грантын пайдаланды,-деді Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева
Айгүл Төлембаева, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі:
- Қорғаныс министрлігінде сарбаздардың арасында жоғары оқу орындарына кезекті табыстау рәсімі өтті. 1500 сарбаз жоғары оқу орындарында тегін оқи алады. Біз шын жүректен оларды құттықтаймыз және олардың ата-аналарына ризашылығымызды білдіреміз.