Қазақстандық қыздар АҚШ-та технологиялық сайыста жеңіске жетті
Қазақстандық қыздар АҚШ-та өткен Technovation Girls сайысының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ. Шара 18 қазанда АҚШ-тың Кремний алқабында өткен. Конкурсқа Қазақстаннан 8 жастағы Айша Есет пен Ева Журкина қатысты. Олардың кохлеарлы импланттары бар балаларға сөйлеуді дамытуға, сөздерді түсінуге және есте сақтауды үйретуге көмектесетін жобасы «Technical Prize» номинациясын жеңіп алды.
Өнертапқыштардың жасанды интеллектіні қолданатын жобасы ең жақсы техникалық шешімдердің бірі ретінде танылды. Technovation Girls тегін жаһандық бағдарламасына тіркеу жыл сайын қазан айында басталады.
Махаббат Ускенбаева, Technovation Girls Kazakhstan бағдарламасының маркетологы:
- Бүкіл Қазақстан бойынша 8 және 18 жас аралығындағы 2345 қыз өз ұсыныстарын тастаған. Оның ішінде 18 топ жартылай финалға өтті және бір топ финалға Кремний алқабына, Сан-Францискоға жолдама алды. Бағдарлама шеңберінде біздің қатысушыларымыз әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларды ұсынады. Яғни, ол – қосымша ретінде немесе жасанды интеллект негізінде жасалынатын жобалар. Мысалы, экология жағынан деменцияны айтуға болады.