Әлеуметтанушылар конгресіне жетекші ғалымдар жиналды
Ұлттық бірегейлікті нығайтып, мәдени және тарихи бірегейлікті дамыту қажет.
Қазақстан әлеуметтанушыларының VIII Конгресіне жиналған жетекші ғалымдар мен сарапшылар осылай дейді. Конгреске түркітілдес елдердің ғалымдары да қатысты. Мұндай тәжірибе қоғамдағы күрделі құбылыстарды, соның ішінде бірегейлік мәселесін тұтас әрі тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Шара Республика күнінің қарсаңында өтті. Мамандардың пікірінше Қазақстанның әлеуметтану ғылымы бір орында тұрған жоқ. 33 жылдың ішінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге зерттеулер жүргізіп отырды. Ендігі зерттеу бағыты да айқын. Әлеуметтанушылардың пірікінше ғалам соңғы уақытта мүлде өзгеше қарқында дамып келеді. Әсіресе, жасанды интеллект, робот техникасы, электронды инженерия, цифрлық технологиялар заманауи әлемнің бір бөлшегіне айналды. Осындай мәдени, технологиялық даму барысында әрбір мемлекет бәсекелестікке төтеп беруге талпынады. Бүгінгі жаһандық өзгерістерге ұлттық болмысын жоғалтпай бейімделгісі келеді. Ал бұл ретте ұлттық бірегейліктің алатын орыны бөлек.
Айгүл Сәдуақасова, әлеуметтану ғылымдарының докторы
- Қазіргі таңда виртуалды әлем, цифрлы әлем өскен сайын адам өзінің сәйкестігін қайдан іздейді? Не нәрсеге сүйенеді? Виртуалды ортада отырғанда адам өзін қай топқа қосады. Қай топпен құндылықтарын бөліседі? Немесе оны қалай қабылдайды деген осындай сұрақтар Қазақстан социологтарының алдында емес сонымен қатар, әлемдік социологияның алдында тұрған үлкен сұрақ.
Нигина Рахимова, қоғамдық пікірді талдау орталығының директоры /Өзбекстан/:
- Адам өзін қалай сезінеді. Бірегейлік дегенді қалай түсінеді? Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді қалай сіңіріп жатыр? Біз осы мәселеге мән беруіміз керек. Әрине жасанды интеллект, геосаяси оқиғалар адамға әсер етеді. Соған қарамастан әрбір тұлға бірегейлігін сақтап қалуы қажет. Ол үшін өмір сүру сапасын арттырған абзал. Сонда өмірге деген құлшынысы да артады.