Тараздық оқушылар ерекше протез ойлап тапты

Таразда мектеп оқушылары ерекше протез ойлап тапты.

Яғни қол-аяғы қимылсыз қалғандар құралдың көмегімен арбасын жылжытып, ұялы телефон мен компьютерді, тіпті кондиционерді басқара алады. Жаңа жобаны Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары 2 жылда жасап шықты. Құрылғы жақ-сүйекке киіледі. Мүгедектігі бар адам тіл арқылы немесе басын қимылдатып жұмыс істей береді. Мысалы арбаны солға немесе оңға бағыттау үшін  басын бұрса жеткілікті. Жас өнертапқыштар туындыға авторлық құқық алған. Енді демеуші тауып өндіріске шығарсақ, - дейді. Өйткені елдегі 700 мың мүгедектің, 12 пайызы ғана қоғамға бейімделген.

Қанат Тәжіхан, жоба авторы:

- Қазіргі таңда біз Данил деген бала тауып, оның қолдары өте әлсіз. Оған протезімізді беріп эксперимент жасадық. Ол осы протез арқылы бізге сайт жасап берді. Осы сайт арқылы біз Үміт протезімізді көрсететін боламыз. Скл Осы арқылы олар прогромировать ететін болады. Білім алатын болады, ютубта видеолар қарайтын болады, курстан өтетін болады.