Елімізде жыл соңына дейін 208 жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Ал келер жылдың соңына таман 161 жайлы оқу ордасының құрылысы аяқталады, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 163-і ауылдық жерлерде бой көтереді. Осылайша, 750 мың жаңа оқушы орны пайда болады. Ал бұл жұмыстарды қаржыландыруға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған. Өңірлер бойынша атасақ, жайлы мектептердің басым бөлігі халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарда салынады. Түркістан облысында 63, Алматы өңірінде 53.

Ал Астанада 24 жайлы мектеп болмақ. Айта кету керек, білім ошақтарының 90% құрылыс жұмыстарына отандық өнім пайдаланылады.