Мемлекеттік басқару академиясында магистратураға түсу үшін құжат қабылдау басталды
Бүгін Мемлекеттік басқару академиясында магистратураға түсу үшін құжат қабылдау басталды.
Бұл биылғы жылы үшінші рет іске асырылып отыр. Модульдік оқу жүйесі өз құзіретін арттырғысы келетін азаматтарға арналған. Конкурсқа мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор мамандары және мәслихат депутаттары қатыса алады. Құжат қабылдау бүгінннен бастап, 30 қарашаға дейін жалғасады. Магистрлік оқу келесі жылдың 13 қаңтарынан басталады. Білім алу мерзімі – 1 жыл. Оқуға түскендер үшін онлайн және офлайн форматта оқу мүмкіндігі қарастырылған.
Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:
- Қабылдау науқаны өзі желтоқсанда өтеді. Екі кезеңнен тұрады. Біріншісі аналитикалық эсседен өту, екіншісі сұхбаттасудан өту. Жалпы бұл жолы модульдік оқытуды, 2 бағдарлама бойынша қабылдайтын боламыз. Біріншісі Мемлекеттік басқару. Екіншісі Өңірлік даму. Бірінші бағдарлама бойынша кемінде 2 жыл еңбек өтілі болуы шарт. Ал екінші бағдарлама бойынша кем дегенде 2 жыл еңбек өтілі болуы шарт.